Автор: ADMIN
ҰБТ жаңа форматқа өтеді: министр алдағы өзгерістерді түсіндірді
 
            Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі алдағы жылдары түбегейлі жаңартылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа үлгінің кезең-кезеңімен қалай енгізілетінін және оның түлектерге беретін мүмкіндіктерін баяндады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Министр өзгерістердің бірден емес, жоспарлы түрде жүзеге асатынын атап өтті.
“Біріншіден, 2026 жылы ешқандай өзгерістер болмайды. Бұл мәселе әлеуметтік тұрғыдан өте сезімтал, сондықтан оны бірден өзгертуге болмайды. Ал не болады? Біріншіден: біз қазір бес жылдық, ұзақ мерзімді кезең-кезеңімен енгізілетін жоспар әзірлеп жатырмыз. Бірінші кезеңде тестологтарымыздан құралған топ әлемге танымал ETS компаниясында оқудан өтеді. Біздің бірінші қызметкеріміз дәл қазір компанияның Принстондағы кампусында білім алуда”, – деді Саясат Нұрбек.
Оның айтуынша, SAT, TOEFL, LGR сияқты беделді халықаралық емтихандарды дайындайтын ETS (Educational Testing Service) компаниясы жаңа әдістемелік базаны құруға көмектеседі.
“Екінші кезең, тестологтарымызды оқытқаннан кейін ETS компаниясының көмегімен әдістемелік база әзірленеді. Бұл әдістеме неге керек? Қазіргі ҰБТ көптеген шетелдік университеттер тарапынан халықаралық деңгейде сертификатталған тест ретінде мойындалмайды. Біз ҰБТ-ны халықаралық деңгейдегі, яғни жетекші шетелдік университеттерге қабылдау үшін қолданылатын placement test форматына айналдырғымыз келеді”, – деді министр.
Жаңа формат екі мақсатты көздейді: білім сапасын әділ бағалау және ҰБТ-ның халықаралық дәрежеде мойындалуын қамтамасыз ету.
“Егер бәрін дұрыс жасасақ, біздің түлектеріміз ҰБТ сертификаты арқылы әлемдегі кез келген университетке түсе алады”, – дейді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ министр жаңа тест әзірлеу барысында бұған дейінгі сын-пікірлер ескерілетінін, ал бағалау жүйесі біліммен қатар сыни ойлау мен психологиялық ерекшеліктерді де қамтитынын қосты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
 
                        Басты жаңалықтар
 
    Ақылы жолдар қазынаға 62 миллиард теңге кіріс әкелді
 
    Platnıe dorogi prinesli v byudjet 62 milliarda tenge
 
    پلاتنىە دوروگي پرينەسلي ۆ بيۋدجەت 62 ميللياردا تەنگە
Последние новости
 
    Platnıe dorogi prinesli v byudjet 62 milliarda tenge
 
    پلاتنىە دوروگي پرينەسلي ۆ بيۋدجەت 62 ميللياردا تەنگە
 
    Aqılı joldar qazınağa 62 milliard teñge kiris äkeldi
 
             
        