Автор: ADMIN
Тоқаев пен Трамптың Нью-Йорктегі кездесу сәттері көпшілікке ұсынылды
Қазақстан президентінің көмекшісі Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың бірге түскен суреттерін жариялады. Кадрларда екі ел көшбасшыларының қол алысқан сәті бейнеленген. Желдібайдың жазбасына сәйкес, суреттер Мемлекет басшысының жуырдағы Нью-Йоркке сапары кезінде түсірілген, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Сонымен қатар жарияланымда Трамптың жұбайы Меланиямен бірге түскен тағы бір фото бар. Бұл кадрлар әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр.
Айта кетейік, 21 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барған болатын. Ол сапар барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясында сөз сөйлеп, бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен кездесті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Italiyada XIV qısqı Paralimpiada oyındarı aşıldı
يتالييادا XIV قىسقى پاراليمپيادا ويىندارى اشىلدى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11