Автор: ADMIN
Қазақстанда 115 жасқа келген тұрғын бар: елде 100 жастан асқан 440-тан астам адам өмір сүреді
Қазақстанда ғасырдан астам ғұмыр кешкен азаматтардың саны 448-ге жетті. Олардың ішінде ең қарт қазақстандық – Ұлытау облысының тұрғыны, ол жуырда 115 жасқа толған мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ұзақ жасаушылардың көбі Алматы қаласында тұрады. Мұнда 100 жастағы және одан асқан 58 тұрғын бар. Екінші орында – Түркістан облысы (53 адам), ал үшінші орында Алматы облысы (37 адам).
Ең қарттардың алғашқы үштігіне 115 жасқа келген Ұлытау облысының тұрғыны, 113 жасар Павлодар облысының қариясы және 110 жасқа жеткен Жамбыл облысының тұрғыны кірді.
Айта кетейік, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл мерекені Біріккен Ұлттар Ұйымы 1990 жылы жариялаған болатын. Оның басты мақсаты – қарт жандардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін мойындау, олардың өмір сүру сапасын арттыруға және қажеттіліктеріне назар аудару.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
شىمكەنتتە بالالارعا بەرىلەتىن بىرجولعى الەۋمەتتىك كومەك جىل سوڭىنا دەيىن تولەنەدى
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
ۆ الماتى س 27 پو 31 وكتيابريا ۆرەمەننو وتكليۋچات ەلەكتريچەستۆو
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo