Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2025-10-09 15:14:00

Біз әлеуметтік желілерде:

78

"Баса назар аудару керек": мемлекет басшысы тағы да Каспий мәселесін көтерді

news single

Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийдің су ресурстарын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарламаны іске асырудың маңызына тоқталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Shalqar.kz хабарлайды.

 

Мемлекет басшысының айтуынша, аймақ елдері бұрын-соңды болмаған экологиялық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Оны еңсеру үшін үкіметтер мен салалық ведомстволар басшылары деңгейінде жүйелі шаралар қабылдау қажет.

"Осыған орай Экология мәселелері жөніндегі Ресей және Орталық Азия елдерінің министрлер кеңесін бекітуді ұсынамыз. Трансшекаралық өзендер мен Каспий теңізінің жағдайына баса назар аудару керек. Бұл күрделі мәселені шешуге Каспийдің су ресурстарын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру ықпал етеді. Су қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы да алаңдатпай тұрмайды. Су ресурстары мен ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін бақылау, сондай-ақ төтенше жағдайларды болжау үшін жасанды жер серіктерін пайдалана отырып ғарыштық мониторинг бойынша бірлескен бағдарлама жасақтауды және іске асыруды ұсынамыз", - Тоқаев.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Ұлттық құндылықтар 2026-01-15

تاربيە نەگIزI – وتباسىندا

img
Ұлттық құндылықтар 2026-01-16

ТӘРБИЕ ДЕГЕН ТӘҢІР БАР    

img
Ұлттық құндылықтар 2026-01-16

TÄRBIE DEGEN TÄÑİR BAR    

Последние новости

img
Ұлттық құндылықтар 2026-01-14

WLTTIQ TÄRBIENİÑ OTBASINDAĞI MAÑIZI    

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться