Автор: ADMIN
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке қашан атау беріледі
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру конкурсына 27 000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне сілтеме жасаған Shalqar.kz.
Байқау 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 12:00-де eGov Mobile мобильді қосымшасында басталған болатын.
Екі апта ішінде – 10 қазан, сағат 23:59-ға дейін қазақстандықтар 27 мыңнан астам ұсыныс жолдады.
"Мұндай жоғары белсенділік азаматтардың атом энергетикасын дамытуға деген зор қызығушылығын және ел үшін маңызды жобаға жеке үлес қосуға дайын екенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта келіп түскен ұсыныстарды өңдеу процесі басталды. Алғашқы кезеңде мамандар барлық нұсқаны талдап, жүйелеу жұмыстарын жүргізеді және жиынтық есеп дайындайды. Кейін материалдар конкурс комиссиясының мүшелері тарапынан қаралады. Қорытынды кезеңде қазан айының соңында, комиссия отырысы өткізіліп, алғашқы АЭС-ке үздік атау таңдалады", - дейді агенттік өкілдері.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ الماتى س 27 پو 31 وكتيابريا ۆرەمەننو وتكليۋچات ەلەكتريچەستۆو
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo