Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2025-10-13 16:13:00

Следуй за нами

24

ONAY! Алматы оқушыларына арналған жеңілдікпен берілетін виртуалды карталарды және жаңа жол жүру абонементтерін пилоттық жобасын іске қосты

news single

Бұл цифрлық шешімдер қала тұрғындары үшін қоғамдық көлікті пайдалануды жеңілдетуге, қауіпсіз және қолжетімді етуге бағытталған. Цифрлық шешім көліктік төлемді оңайлатып, Алматы қаласының қоғамдық көлігін ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

 

Пластикалық картаның орнына - цифрлық формат. Енді балаға пластикалық картаны өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ — жол ақысын тікелей смартфон арқылы төлеуге болады. Алматы қаласының оқушыларына арналған жеңілдікпен берілетін виртуалды картаны ата-аналар өз телефондарында ONAY! мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдей алады. Процесс толық автоматтандырылған: ата-ана өз және баласының деректерін растайды, содан кейін жүйе пайдаланушының келісімі негізінде қажетті ақпаратты мемлекеттік деректер қорынан алады. Телефон жоғалған жағдайда, аккаунтты қалпына келтіруді ONAY! қосымшасында өз бетінше жасауға болады - қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ.  

Экологиялық әсер және пластикті азайту. Жеңілдікпен берілетін виртуалды карталардың іске қосылуы пластикалық карталарды пайдалануды азайтып, қоршаған ортаға түсетін салмақты төмендетуге мүмкіндік береді. Цифрлық форматқа көшу Алматы қаласының экологиялық тұрақтылық пен «жасыл» цифрландыру мақсаттарын қолдайды, осылайша қоғамдық көлік тек ыңғайлы ғана емес, экологиялық «таза» да бола түседі.

Қауіпсіздік және мемлекеттік сертификаттау. Аталған жобаларды жүзеге асыру барысында ONAY! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық қызметі арқылы ақпараттық қауіпсіздік саласында сынақтан сәтті өтті. Нәтижелер жүйенің тиісті деңгейде қорғалғанын және белгіленген талаптарға сай екенін растады. Бұл интеграцияның мемлекеттік ақпараттық жүйелермен қауіпсіз байланысын және пайдаланушылар келісімі негізінде дербес деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться