Автор: ADMIN
Елімізде қанша ер адам бала күтіміне байланысты демалыста отыр

Еңбек заңнамасына сәйкес, бала күтімі бойынша демалыс анасымен қатар әкесіне де беріледі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінде қазақстандық ер азаматтар да осы құқығын қолданып отыр. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен алынған деректерді ұсынамыз, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Әлеуметтік кодекстің 1-бабы 26-тармақшасына сәйкес сәби дүниеге келген сәттен бастап 1,5 жасқа дейін ата-ана міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде әлеуметтік төлем алу құқығына ие.
Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмысшыға бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ата-анасының таңдауы бойынша баланың анасына не әкесіне жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
Сондай-ақ Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмысшының жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған статистика:
— 2024 жылы 477 ер адам бала күтіміне байланысты демалыс алған (әлеуметтік төлем алушылардың 0,18%);
— 2025 жылдың 8 айында 249 ер адам бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан (әлеуметтік төлем алушылардың 0,15%).
Өңірлерге келсек, 2025 жылдың 8 айында Алматы қаласы бойынша 43 ер адам (бала күтімі демалысындағы ер адамдардың 17%), Астана қаласы бойынша 36 ер адам (бала күтімі демалысындағы ер адамдардың 14%) және Шымкент қаласы бойынша 24 ер адам (бала күтімі демалысындағы ер адамдардың 10%) демалыс алған.
Тағы бір дерек, 2024 жылы бала күтімімен демалыс алған ерлерге 1 млрд теңге (әлеуметтік төлемнің 0,25%), ал 2025 жылдың 8 айында 671 млн теңге (әлеуметтік төлемнің 0,23%) әлеуметтік төлем жасалған.
Еске сала кетсек, биыл сәуірден бастап елімізде декреттік төлем тәртібі өзгерді. Енді жалақысы жоғары әйелдердің бала босанғаны үшін алатын әлеуметтік төлеміне шектеу қойылады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Парламентская реформа: Изменения затронут около 40 статей Конституции
Последние новости

Парламентская реформа: Изменения затронут около 40 статей Конституции