Автор: ADMIN
Digital Bridge 2025 қатысушылары: алдағы бес жылда AI қалаларды толық «ақылды» етеді
Астанада өткен халықаралық Digital Bridge 2025 форумында қазақстандық Sergek Group IT-компаниялар тобы өз стендінде келушілер арасында интерактивті сауалнама өткізді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Нәтижелер көрсеткендей, тұрғындардың басым бөлігі жасанды интеллект (ЖИ) алдағы бірнеше жылда «ақылды қалалардың» дамуын жеделдететін негізгі қозғаушы күшке айналады деп сенеді.
Сауалнамаға төрт мыңнан астам адам қатысты. Олардың үштен бірі – IT-компания қызметкерлері. Сонымен қатар, сауалнамаға студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес өкілдері, стартап иелері мен фрилансерлер де қатысқан.
92% респондент ЖИ-ді күн сайын, көбіне жұмыс пен талдау үшін қолданатынын айтқан.
Респонденттердің 57%-ы жасанды интеллект жақын уақытта өмірдің барлық саласына – денсаулық сақтау, білім мен ғылым, бизнес, мемлекеттік басқару, қауіпсіздік пен көлік инфрақұрылымына елеулі өзгеріс әкелетініне сенімді.
Ал сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі AI қалаларды бес жыл ішінде толық «ақылды» жүйеге айналдырады деп санайды.
Digital Bridge форумы – Орталық Еуразиядағы ең ірі технологиялық іс-шаралардың бірі.
Форум жыл сайын әлемдегі IT-индустрия көшбасшыларын, технологиялық инноваторларды, инвесторларды, мемлекеттік органдар, венчурлік қорлар мен стартап-экожүйе өкілдерін біріктіріп, цифрлық трансформация, жасанды интеллект және технологиялық серіктестік салаларындағы жаһандық үрдістерді талқылауға мүмкіндік береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Soñğı 50 jıldağı Qıtayda bolğan iri ört apattarına şolu
سوڭعى 50 جىلداعى قىتايدا بولعان ىرى ورت اپاتتارىنا شولۋ
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
Последние новости
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
قور نارىعىن شيكىزات تومەن تارتىپ, بانكتەر العا سۇيرەدى
Sır'e tyanulo rınok vniz, banki — vverh