Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2025-10-15 01:04:00

Следуй за нами

22

Конституциядағы 99 баптың жартысына жуығы өзгермек. Парламенттік реформа жөнінде алғашқы жиын өтті.

news single

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында Конституцияға өзгеріс енгізетінін айтты, деп хабарлайды Shalqar.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, Парламенттік реформа – аса күрделі әрі жауапты жұмыс. Ол бұл үдерісте асығыстыққа жол беруге болмайтынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. 

Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады. 

Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек. 

Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді», – деді Президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ алдағы реформа кезең-кезеңімен жүзеге асатынын және оның елдің саяси жүйесін жаңғыртудың қисынды жалғасы болатынын айтты.

«Біріншіден, біз барлық реформаны тек эволюциялық жолмен жүргіземіз. Яғни азаматтардың сұранысы, төл ерекшелігіміз бен еліміздің түпкі мүддесі ескеріледі.

Парламенттік реформа кезең-кезеңімен іске асырылып келе жатқан ауқымды саяси жаңғырудың қисынына сай келеді.

Естеріңізде болса, саяси реформалардың төрт пакеті аясында парламенттік оппозиция туралы норма бекітілген еді. Онда өкілдері аз партияға Мәжілістің тұрақты комитеттерінің бірінде төрағалық лауазым атқару және парламенттік тыңдау өткізу туралы бастама көтеру құқығына кепілдік берілді.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында Қазақстанда бір палаталы Парламент құру мүмкіндігін атап өткен еді. Оның айтуынша, саяси реформалар қоғамның нақты сұранысына сай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться