Автор: ADMIN
Астанадағы автотұрақтарда бірден бір сағаттың құнын төлеу шарты алынып тасталмақ
Астанада ақылы автотұрақтар үшін төлем жүйесі өзгереді. Жаңа ережеге сәйкес, көлікті бірнеше минутқа қойсаңыз, толық бір сағаттың құнын төлемейсіз. Тек нақты тұрған уақытына ақша алынатын болады, деп хабарлайды, Shalqar.kz.
Жаңа ереже әзірге күшіне енген жоқ. Себебі қалада автотұраққа қызмет көрсетіп отырған жеке компаниямен жасалған келісімшарт әлі бұзылмаған. Тек сол толық тоқтаған соң ғана, минутпен төлем жүйесі ресми түрде іске қосылады.
Бұл жаңашылдық жүргізушілер үшін өте тиімді деп отыр жауаптылар. Қазір әкімдік қажетті өзгерістерді заң жүзінде рәсімдеп, жаңа жүйеге техникалық дайындығын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар бейнебақылау және көлік нөмірін тану құрылғылары да орнатылады деп жоспарланған.
"Жабық тұрақтар үшін алғашқы 15 минут тегін болады (жолаушыны алып кету немесе қысқа мерзімге кіру үшін). Егер жүргізуші тұрақта 15 минуттан артық тұрса, төлем сағатына 300 теңге мөлшерінде алынады. Ашық (көше бойындағы) тұрақтар үшін тариф өзгеріссіз қалады және сағатына 100 теңге мөлшерінде белгіленген", - дейді Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы директорының орынбасары Руслан Өмірбекұлы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo