Автор: ADMIN
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өтті
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жергілікті сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл туралы Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, коммуналдық қызметтер, бизнес құрылымдары мен қала тұрғындары қатысты. Сенбілікке жалпы 2300-ден астам адам және 211 арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 1680 текше метр қоқыс шығарылды.
Сeнбілік қаланың барлық сегіз ауданында өтті. Арық желілері мен қоғамдық кеңістіктер тазаланып, жол бойы сыпырылып, жуылды, іргелес аумақтар мен шағын бизнес нысандары абаттандырылды. Көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударылып, 2 мыңнан астам үйеңкі, қарағай, жөке және қараған ағаштары отырғызылды.
Сенбілік өткен негізгі аумақтар:
- Алатау ауданы: Аққайнар көшесі – ҮАК бойы – Мәмбетов көшесі аралығы;
- Алмалы ауданы: Желтоқсай – Абай – Сейфуллин – Райымбек көшелерінің аумағы;
- Әуезов ауданы: Қарғалы өзенінің жағалауы (Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейін);
- Медеу ауданы: Қазақстан халықтары ертегілері саябағы, Тәттібеков көшесі, 61;
- Бостандық ауданы: Абай даңғылының Байзақов пен Тұрғыт Озал көшелері арасындағы бөлу жолағы;
- Жетісу ауданы: Маяк шағынауданы, Бөкейханов көшесі, 53а/2;
Түрксіб ауданы: Маяк шағынауданы;
Наурызбай ауданы: «Алма сити» тұрғын үй кешені, Алатау даңғылының бойы.
Қатысушылардың бірлескен еңбегінің арқасында жасыл аймақтар ретке келтіріліп, арықтар мен тротуарлар тазартылды, ағаштың бұтақтары санитарлық мақсатта кесіліп, шөп шабылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Apple вновь стала самой дорогой компанией в мире
TJM: Biıl suğa ketkenderdiñ köbi tıyım salınğan jerde köz jwmğan
تجم: بيىل سۋعا كەتكەندەردىڭ كوبى تىيىم سالىنعان جەردە كوز جۇمعان
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire