Автор: ADMIN
Арқалық – Державинская бағытында қала маңы пойызы қатынай бастады
Ұлттық тасымалдаушы Арқалық – Державинская бағытындағы қала маңы пойызын іске қосты, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Shalqar.kz.
"2025 жылғы 20 қазаннан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ Арқалық – Державинская бағытында №6807/6808 қала маңы пойызын жолға шығарады. Жаңа бағыт өңір тұрғындары мен теміржол қызметкерлеріне тұрақты әрі қолайлы қатынасты қамтамасыз етуге арналған", - делінген хабарламада.
Бағыт және қозғалыс кестесі:
- Арқалық → Державинская: 09:00-10:51
- Державинская → Арқалық: 15:07-16:57
Пойыз дүйсенбіден жұмаға дейін, мереке күндерін қоспағанда, күн сайын қатынайды.
Құрам Арқалық, Фурмановский, Тасты-Талды, Барнаульский және Державинская станциялары арқылы қатынайды. Бұл ең алдымен өңір тұрғындары үшін тұрақты, қолжетімді көлік қатынасын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар жаңа бағыт теміржолшылар үшін де маңызды. Тұрақты кесте олардың жұмыс орындарына уақытылы жетуіне мүмкіндік береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ الماتى س 27 پو 31 وكتيابريا ۆرەمەننو وتكليۋچات ەلەكتريچەستۆو
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo