Автор: ADMIN
Астаналық оқушы зағип жандарға арналған ақылды көзілдірік ойлап тапты
Астана қаласындағы Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушысы Қуандық Амирхан ерекше жобасын таныстырды. Ол көру қабілеті нашар және мүлде көрмейтін жандарға арналған ақылды көзілдірік жасап шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған Shalqar.kz.
Жас өнертапқыштың бұл жобасы көзі нашар көретін адамдарға күнделікті өмірде көшеде еркін қозғалып, түрлі кедергілерден сақтануға мүмкіндік береді. Ақылды көзілдіріктің басты ерекшелігі — адамның алдында бір метр қашықтықтан бастап кедергі пайда болғанда, алдын ала қазақ тілінде «Сақтаныңыз, алдыңызда кедергі!» деген дауыстық ескерту жасайды.
Қуандық Амирхан бұл көзілдірікті зағип жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрастырғанын айтады. Алдағы уақытта ол жұмыстың ауқымын кеңейтіп, басқа да нұсқамаларды енгізуді көздеп отыр.
Бұл бастама — жас өнертапқыштың ғылым мен технология саласына деген қызығушылығының нәтижесі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік пен жанашырлықтың үлгісі.
Ақылды көзілдірік әлеуметтік маңызы зор жаңалық ретінде қоғамның қолдауына ие болары сөзсіз. Жоба зағип жандардың өмір сүру сапасын арттырып, олардың өз бетімен қозғалуына үлкен септігін тигізбек.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Энергетика министрі
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki
Мы не допустим резкого роста цен на бензин – министр энергетики
Последние новости
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki