Автор: ADMIN
Медеу бірнеше жылға жабылады: қандай өзгеріс болады?
Алматыда бірегей нысан – биік таулы спорт кешені "Медеуді" жаңарту жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінеше, қазір дайындық кезеңі жүріп жатыр, алдағы уақытта құрылыс аймағы қоршалып, негізгі жұмыстар басталады.
"Жоба аясында мұз айдынына арналған жаңа тоңазытқыш жүйесі орнатылады, инженерлік коммуникациялар толық жаңартылып, кешен газбен қамтамасыз етіледі. Мұздың сапасы мен жағдайын нақты уақыт режимінде бақылайтын жасанды интеллект жүйесі энергия тұтынуын 25 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, көрермендерге арналған жылы әрі жеке реттелетін орындықтар қойылады.
Заманауи спорттық және сауықтыру кешенін жасауға ерекше көңіл бөлінген. Бұрынғы машина залының маңында көлемі 25×15 метр, жылы суы бар ашық бассейн салынады.
"Келушілердің ыңғайы үшін трибуна мен қабылдау бөлмесі, киім ауыстыратын бөлмелер және т.б. қызмет көрсету ғимараты қарастырылған. Бұл жаңа бассейн жыл бойы жұмыс істеп, қала тұрғындары мен туристерге тау баурайында таза ауада жүзу мүмкіндігін ұсынады".
Кешеннің айналасында серуен жолдары бар ерекше экопарк салу жоспарланған.
"Ол жерден жасанды сарқырама, Кіші Алматы өзені мен таудың әсем көрінісін тамашалауға болады. Негізгі нысандарды және жаңа демалыс аймақтарын байланыстыратын шығыс және батыс бағыттарда жүргіншілерге арналған екі көпір салынады".
Сондай-ақ, жергілікті климатқа төзімді жаңа ағаштар мен бұталар егіліп, бүкіл аумақ заманауи жарықтандыру және сәулеттік шамдармен безендіріледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болуы үшін екі жолаушы жедел саты орнатылады.
"Бұл жұмыстар 2027 жылдың 4-ші тоқсанына толық бітеді деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу