Автор: ADMIN
Қазақ тілінің қадірі – ұлт намысы
Қазақ тілі – ұлттық байлығымыз, мәдениетіміз бен тарихымыздың айнасы. Тілді сақтау – тек заң немесе мектеп міндеті емес, әр азаматтың парызы. Өкінішке қарай, кей жастар аралас тіл қолдануды әдетке айналдырып, қазақ тілінің табиғи көркемдігін елемей жатады.
Мысалы, көшеде, мектепте немесе әлеуметтік желіде аралас сөйлесу көбейіп барады: қазақша сөйлемей, орысша немесе ағылшынша сөздер қосып сөйлеу қалыпты жағдайға айналған. Ал кейбір жас керісінше, достарымен, пост жазуда қазақ тілін таза қолдануға тырысып, өз тілін аялап жүр. Мұндай әрекеттер – тілді қадірлеудің нақты мысалы.
Менің ойымша, тіл мәдениетін сақтау – әрбір жас үшін ұлтқа деген жауапкершілік. Егер біз әр сөзімізге мән беріп, қазақ тілінде сөйлеп, жазсақ, бұл – ұлт намысын қорғау мен мәдениеттің белгісі.Қазақ тілі – тек қарым-қатынас құралы емес, ұлттың жаны. Сол үшін оны қадірлеуіміз керек.
Авторы: Сәбитова Амина
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı