Автор: ADMIN
Желі мен тіл – ұлт айнасы
Қазіргі жастар – ақпарат дәуірінің өкілі. Күн сайын миллиондаған жазба жазылып, сансыз пікір қалдырылады. Әлеуметтік желі жастардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін еркін көрсетуге мүмкіндік береді. Бірақ сол еркіндіктің артында жауапкершілік те бар екенін ұмытпауымыз керек.
Желіде жазған әрбір сөз – мәдениет көрсеткіші. Өкінішке қарай, кей жастар қазақ тілін шұбарлап, шетелдік сөздерді орынсыз қолданады. Бірі "қазақша жазсам, түсінбейді" десе, енді бірі "қысқаша жазған ыңғайлы" деп сылтау айтады. Ал шын мәнінде, тіл – ұлттың жаны, рухының көрінісі. Оны қадірлеу – әр азаматтың парызы.
Тіл мәдениетін сақтау — тек мектеп пен мұғалімнің емес, тұтас қоғамның міндеті. Әлеуметтік желіні таза, сауатты тілмен қолдану – ұлтқа деген құрметтің белгісі. Егер жастар желіде де әдемі сөйлеп, орынды жазса, қазақ тілі де заманауи, беделді, тартымды бола алады.
Авторы: Сәбитова Амина
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı