Событие

Автор: ADMIN

Событие 2025-10-30 00:00:00

Следуй за нами

12

Республика күні – ұлт рухын асқақтатқан қастерлі мереке

news single

    Қазақстан халқы өз елінің тарихындағы ең маңызды мерекелердің бірі – Республика күнін атап өтті. Ақорда төрінде өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың жүрегінен ерекше орын алатын осы күннің тарихи және рухани маңызына тоқталды-, деп хабарлайды “Shalqar.kz” “Qazaqparat” телеграм каналына сілтеме жасап.

    «Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын!» – деді Президент. – «Биыл біз азаттықтың мерейлі белесіне жеттік. Осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Егемендік туралы декларация қазақ елінің дербес даму жолына түсуіне жол ашты. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекетшілдік дәстүріміздің қайта жаңғыру сәті еді.

    Артынша Тәуелсіздік туы желбіреді. Тарихи әділдік орнап, ұлт рухы асқақтады. Сондықтан бұл күн – халқымыздың дербес ел болуына бастаған қастерлі белес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің маңызын айрықша атап өтіп, оны сақтау мен нығайту әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін жеткізді: «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Бұл – ата-бабаларымыздың ұлт мүддесі жолындағы өшпес ерлігінің айғағы, бізге аманат болған мәңгілік құндылық».

   Республика күні – тек мереке емес, сонымен қатар ұлттың жаңғыру рухын еске салатын, елді бірлік пен жауапкершілікке үндейтін тарихи күн.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться