Мир

Автор: ADMIN

Мир 2025-10-30 15:26:00

Следуй за нами

28

Алматыны дүр сілкіндірген қайғылы оқиға: Ержан Бабақұмаров қаза тапты

news single

    Алматы қаласының бұрынғы әкімінің орынбасары, белгілі қоғам қайраткері Ержан Бабақұмаров қайтыс болды-, деп хабарлайды “Shalqar.kz” “Qazaqparat” телеграм каналына сілтеме жасап.

   Бұл туралы агенттік сенімді дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Қайғылы оқиға 30 қазанға қараған түні орын алған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Бабақұмаров таныстарымен бірге өткізген отырыс кезінде арада туындаған жанжал төбелеске ұласып, оның ауыр жарақат алуына себеп болған. Өкінішке қарай, ол алған жарақаттарынан көз жұмған.

   Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу амалдары жалғасуда. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жұртшылықты бей-жай қалдырған жоқ. Ержан Бабақұмаров өз қызмет жолында мемлекеттік басқару мен қоғамдық өмірге елеулі үлес қосқан тұлға ретінде есте қалды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться