Событие

Автор: ADMIN

Событие 2025-10-30 18:48:00

Следуй за нами

43

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

news single

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді-, деп хабарлайды “Shalqar.kz” “Qazaqparat” телеграм каналына сілтеме жасап.

     Бұл спорттық кешен облыстағы жас спортшыларға арналған жаңа мүмкіндіктерді кеңейтетін маңызды нысан болып отыр. Кешеннің құрылысы облыс бюджетін оңтайландыру арқылы үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңгеге, сондай-ақ «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының 900 миллион теңге көлеміндегі қолдауымен жүзеге асырылды.

    Құрылыс жұмыстары былтыр қазан айында аяқталған. Заманауи үлгіде салынған орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орын, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар.

   Қазір мұнда 52 қызметкер жұмыс істейді, ал 280 бала тұрақты түрде спорт түрімен шұғылдануда. Бұл орталық өңірдегі жас спортшылардың дамуына және үстел теннисінің дамуына елеулі серпін береді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться