Финансы

Автор: ADMIN

Финансы 2025-11-01 15:22:00

Следуй за нами

20

Үкімет басшысы инвестиция тарту көрсеткіші төмен өңірлерді атады

news single

    Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов инвестиция тарту қарқыны төмен өңірлердің жұмысын сынға алды-, деп хабарлайды “Shalqar.kz” “Qazaqparat” телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   Оның айтуынша, 2025 жылы ел экономикасына 150 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тарту жоспарының тек жартысы ғана орындалған.

 

    Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, биыл негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13,8 трлн теңгеге жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 13,5 пайызға артқан. Ең жоғары өсім энергетика, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында байқалды.

 

   🏆 Көшбасшы өңірлер – Астана қаласы мен Түркістан облысы.

 

    ⚠️ Инвестиция тартуда артта қалған аймақтар – Қарағанды, Атырау, Ұлытау және Абай облыстары. Мәселен, Атырау облысында жоспар тек 42,8 пайызға, ал Абай облысында шетелдік инвестициялар бойынша 26,2 пайызға ғана орындалған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться