Автор: ADMIN
Қар көшкіні қаупі: Қазақстанда 600-ден астам қауіпті аймақ анықталды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) ел аумағында қар көшкіні қаупі жоғары аймақтарды анықтап, тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қауіпті аймақтар қайда? Қар көшкіні қаупі әсіресе Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында жоғары. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан Алтайы, Іле, Жетісу және Талас Алатауы, сондай-ақ Қаратау жоталарының беткейлері ерекше бақылауда. Мамандар көктемнің басында қар көшкіні жиілейтінін ескертеді.
Қауіпсіздік шаралары Тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 58 рет қарды түсіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 42 мың текше метр қар түсірілді. Сонымен қатар, қауіпті кезеңдерде көшкін қаупі бар аймақтарға кіруге шектеу қойылып, блок-бекеттер орнатылады.
Тауға шықпас бұрын не білу керек? ТЖМ азаматтарға қалың қар жауған соң жорықты екі-үш күнге кейінге қалдыруды ұсынады. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, төтенше жағдайлар қызметінің ескертулеріне құлақ түрген жөн.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

В Кызылорде открылась первая школа нового формата

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

Qızılordada jaña formattağı zamanaui mektep esigin aştı
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет