Финансы

Автор: ADMIN

Финансы 2025-11-02 14:03:00

Следуй за нами

54

Банктер экономиканы неге қаржыландырмай отыр?

news single

    Сарапшылар нақты секторды несиелеудің жолдарын ұсынды Қазақстан экономикасының қан тамыры саналатын банк жүйесі соңғы жылдары нақты секторға – өндіріс пен ауыл шаруашылығына – қаржы құюдан тартынып отыр-, деп хабарлайды “Shalqar.kz” “Egemen Kazakhstan” телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   Ал сарапшылар мұның себебі айқын дейді: қазіргі модель банктер үшін тиімсіз, тәуекел тым жоғары. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, банктердің белсенді несие бермеуіне бірнеше жүйелі себеп бар. «Өндіріс құралдарын сатып алуға кететін шығын өте жоғары. Ауыл шаруашылығындағы техника ескірген, жобалар ұзақ мерзімнен кейін ғана табыс әкеле бастайды. Фермерлердің қарыз жүктемесі де аз емес. Льготалық қаржыға тәуелділік сақталған, ашықтық төмен, нарықтық тәуекел жоғары», – дейді қауымдастық өкілдері. Осылайша, банк пен бизнес арасындағы алшақтық ұлғайып келеді.

   Нарықта арзан әрі ұзақмерзімді қаржының жетіспеуі өндіріс әлеуетін тежеп тұр.

 

    ❓ Ендеше шешім қандай? Банктерді нақты секторға қалай бұруға болады? Бұл сауалдарға экономист Бауыржан Ысқақ жауап берді. «Біріншіден, мемлекет тәуекелді бөлісуге тиіс. Мысалы, Даму қоры арқылы кәсіпорындардың несиесін кепілдендіру жүйесін кеңейту қажет. Егер компания қарызын қайтара алмаса, банк шығынының бір бөлігін мемлекет өтейді. Сонда банк тәуекелден қорықпай, нақты секторға бет бұрады», – дейді сарапшы. Екіншіден, ұзақмерзімді және арзан ақша көзін қалыптастыру керек. «Ұлттық банк пен даму институттары өндіріс пен ауыл шаруашылығына арналған жеңіл несие желісін ашуы тиіс.

 

  Бұл – экономиканы нақты инвестициямен қамтамасыз етудің тікелей жолы», – дейді Ысқақ. Үшіншіден, қор нарығын дамыту маңызды. «Зауыттар мен компаниялар облигация шығарып, зейнетақы қорлары сияқты ірі инвесторлардан қаржы тарта алуы керек. Бұл банк несиесіне балама арна болады», – дейді экономист. Сарапшының пікірінше, тұтынушылық несиені шектеу де қажет қадам. «Халыққа берілетін несие азайса, бизнеске арналған жеңілдіктер көбейеді. Осылайша, экономикалық баланс орнайды», – дейді ол.

 

  Бұған қоса, заңнаманы күшейтіп, кепіл мүлкін өндіріп алу рәсімін жеңілдету ұсынылады. «Егер банк заң тұрғысынан қорғалған болса, бизнеске несие беруге дайын тұрады. Ал нарықтағы бәсекені арттыру үшін шетелдік банктерге жол ашылса, отандық қаржы институттары да жылдамырақ қимылдай бастайды», – дейді экономист.

 

    🔹 Қорытынды: Қазақстан экономикасына жаңа серпін беру үшін банктер мен мемлекет бір бағытта жұмыс істеуі қажет. Тәуекелді азайтып, арзан қаржы мен нақты кепіл жүйесін жолға қойған жағдайда ғана банк капиталы өндіріс пен ауылға бет бұрады. Өйткені экономикаға қан жүгіртетін күш – банк, ал банктің сенімін арттыратын күш – мемлекет пен нарықтың өзара тең әріптестігі.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться