Автор: ADMIN
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта телефон арқылы сөйлесті
Еуропалық тараптың бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңес Президенті Антониу Кошта телефон арқылы әңгімелесті,деп хабарлайды Shalqar.kz
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері, соның ішінде екіжақты қарым-қатынастарды нығайту жолдары талқыланды.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын атап өтіп, Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы байланыстардың маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ сауда, инвестиция, энергетика, көлік-логистика және цифрлық трансформация салаларындағы әріптестікті одан әрі кеңейту қажеттігін тілге тиек етті.
Тараптар екіжақты және өңірлік деңгейдегі диалогты жалғастыруға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Senat maqwldağan jaña zañ: notariustardıñ jauapkerşiligi küşeytiledi
Senat odobril zakon ob usilenii otvetstvennosti notariusov
Qazaqstan qwraması voleyboldan Aziya kubogında üzdik bestikke endi
Последние новости
Senat maqwldağan jaña zañ: notariustardıñ jauapkerşiligi küşeytiledi
سەنات ماقۇلداعان جاڭا زاڭ: نوتاريۋستاردىڭ جاۋاپكەرشىلىگى كۇشەيتىلەدى
Senat odobril zakon ob usilenii otvetstvennosti notariusov