Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2025-11-05 01:12:00

Следуй за нами

18

Қазақстанның орнықты даму мақсаттары: ЖИ мен цифрландырудың үлесі қандай

news single

2015 жылы БҰҰ 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) қабылдады, деп хабарлайды Shalqar.kz. Осылайша әлем елдері алдағы 15 жылдың ішінде шұғыл түрде жаһандық проблемаларды шешуге кірісіп кетті. Қазақстан бұл бастамадан қалыс қалған жоқ, өзінің ұлттық мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Ал оны орындауда жасанды интеллекті мен цифрлық технология қандай рөл атқарады? 

Орнықты даму саласындағы 17 мақсат пен 169 міндет барлық адамның құқығын қорғауға бағытталған және орнықты дамудың үш компонентінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Бұл мақсаттар мен міндеттер ұлттық үкіметтерді адамзат пен ғаламшарға зор мән беретін  әрекетке шақырады.

 

Жақында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы Ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында цифрлық өзгерістердің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге әсері туралы мәселелер талқыланды.

 

Цифрлық трансформация – бұл тек технологияларды енгізу емес, ол басқару мен дамуға деген жаңа көзқарас. Осы орайда әрбір министрлік өз саласы бойынша орнықты даму мақсаттарына жетуге нақты үлес қосып келеді. Атап айтқанда, цифрлық шешімдер Орнықты даму мақсаттарының барлық бағытында нақты ілгерілеуді қамтамасыз етіп жатыр.

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться