Автор: ADMIN
Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін 20%-ға дейін көтеруді жоспарлауда
28 қаңтарда өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін 16%-дан 20%-ға дейін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді,деп хабарлайды Shalqar.kz
Бұл өзгеріс тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына, сондай-ақ инфляцияның күшеюіне алып келуі мүмкін.
Министрдің айтуынша, ҚҚС өсімі кәсіпорындарға шамамен 4% қосымша жүктеме түсірсе, тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әсер етеді. Нәтижесінде инфляция 4,5%-ға дейін өсуі ықтимал.
“ҚҚС мөлшерлемесін 16%-дан 20%-ға дейін көтеру талқыланып жатыр. Бұл бағаларға міндетті түрде әсер етеді. Алайда біз бұл өсімді уақытша деп есептейміз және оны әлеуметтік қолдау шаралары арқылы теңестіруді көздеп отырмыз”, – деді Серік Жұманғарин.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жүктемені азайту мақсатында Үкімет бірқатар шараларды қолға алуды жоспарлауда: • Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақыны индексациялау; • Атаулы әлеуметтік көмекті ұлғайту.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Oleg Sokolenko Germaniyadağı halıqaralıq turnirde kümis jülde aldı
Последние новости
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى