Автор: ADMIN
Министр: Ақпаннан бастап жанар-жағармай бағасы көтеріледі
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель отыны мен сұйытылған газдың қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Министрдің айтуынша, жанар-жағармай бағасын көтеру туралы шешім бұрын қабылданған.
“Мұнай өнімдерінің бағасының өсуі туралы айтсақ, бұл мәселе Президент жанындағы кеңесте қаралып, нақты шешім қабылданды. Жанар-жағармаймен қатар, сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен көтеру жоспарланған. Сонымен қатар, тауарлық газдың да бағасы біртіндеп өседі. Дегенмен, Үкімет бұл процесті бақылауда ұстап, бағаның күрт қымбаттауына жол бермеу үшін тиісті шараларды қолға алады”, – деді министр.
Сәтқалиевтің айтуынша, тауарлық газдың бағасы жазға қарай біртіндеп өседі. Ал сұйытылған газ құны 98 теңгеден аспайды.
“Өткен жылы сұйытылған газдың бағасы 54-55 теңге аралығында болса, биыл өңірлерге байланысты 59-90 теңге деңгейінде өзгереді. Ең жоғары шекті баға кейбір аймақтарда 64-98 теңге аралығында белгіленеді”, – деді министр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
Oleg Sokolenko Germaniyadağı halıqaralıq turnirde kümis jülde aldı
Последние новости
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى