Автор: ADMIN
Әскерде әлімжеттік жоқ — Қорғаныс министрі
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов таяуда елордада балалары әскерде қаза тапқан аналардың митингіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
— Біз оларды қабылдадық. Аналар митингке шыққан мәселенің бәрі тергеу іс-шараларына қатысты болды. Тергеуді Бас әскери прокуратураның бақылауымен Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатыр. Ол жерде бізге қатысы жоқ мәселелер болды, — деді Дәурен Қосанов Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі әскердегі тәртіпті күшейту шараларын жүзеге асырып жатыр.
— Командирлермен, психологтермен жұмыс істеп, камералар орнатып жатырмыз. Айына 1-2 рет баспасөз қызметкерлерінің сапарын ұйымдастырудамыз. Әскерде әлімжеттік жоқ. Бірақ, әскерде ер-азаматтар көп болғаннан кейін түрлі жайттар болады. Бұл қоғамымызда да бар. Жігіт болғаннан кейін келіспей, ерегесіп қалады. Ондай да болады. Әскерді қоғамнан бөлмеңіздер. Біз де қоғамның мүшесеміз, — деді министр.
Еске салсақ, осыған дейін Маңғыстау облысында сарбаз қайтыс болғаны хабарланды.
Президент әскерде қаза тапқан сарбаздарға қатысты істі тергеу кезінде заңның сақталуын қадағалауды тапсырған еді.
Бұдан бұрын Бас прокурор Берік Асылов Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайтынын айтты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki
Последние новости
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki