Автор: ADMIN
АҚШ TikTok-қа Нүкте Қойды: Танымал Әлеуметтік Желі Ресми Бұғатталды
2025 жылдың 17 қаңтарында АҚШ Жоғарғы соты TikTok-қа тыйым салу туралы заңды мақұлдады. Осыған байланысты танымал әлеуметтік желі ресми түрде бұғатталды, ал қосымша Apple және Google қосымшалар дүкендерінен жойылды, деп хабарлайды Shalqar.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Ел тұрғындары сенбі күні TikTok-қа кіруге тырысқанда, экранда «TikTok-ты пайдалануға тыйым салатын заң күшіне енді» деген хабарлама шықты. Хабарламада президент Трамптың қызметке кіріскен соң, бұл мәселені қайта қарауы мүмкін екені айтылған. Сонымен қатар, TikTok-тың ресми сайтында қолданушылар өз мәліметтерін жүктеп алу үшін жүйеге кіруге мүмкіндік бар екені көрсетілді.
TikTok-тың АҚШ-тағы 170 миллион тіркелген қолданушысы енді бұл желіні пайдалана алмайды. Жаңа қолданушылар қосымшаны жүктеу мүмкіндігінен айырылды.
TikTok-қа қойылған шектеу ұзақ уақыт бойы талқыланып келді. Егер қытайлық ByteDance компаниясы 19 қаңтарға дейін TikTok-ты американдық меншік иесіне сатпаған жағдайда, бұл тыйым толық күшіне енеді. Бұл шешім TikTok-тың деректер қауіпсіздігіне қатысты күмәндардан туындады.
TikTok-тың АҚШ-та бұғатталуы әлеуметтік желінің ғаламдық беделіне әсер етіп, өзге елдердің де мұндай қадамға баруына ықпал етуі мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
قازاقستان قۇراماسى ۆولەيبولدان ازييا كۋبوگىندا ۇزدىك بەستىككە ەندى
Senat maqwldağan jaña zañ: notariustardıñ jauapkerşiligi küşeytiledi
Сенат мақұлдаған жаңа заң: нотариустардың жауапкершілігі күшейтіледі
Последние новости
Senat maqwldağan jaña zañ: notariustardıñ jauapkerşiligi küşeytiledi
سەنات ماقۇلداعان جاڭا زاڭ: نوتاريۋستاردىڭ جاۋاپكەرشىلىگى كۇشەيتىلەدى
Senat odobril zakon ob usilenii otvetstvennosti notariusov