Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-27 16:38:00

Следуй за нами

30

Гонконгтағы өрт: қаза тапқандар саны 55-ке жетті

news single

    Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли қаладағы барлық салынып жатқан тұрғын үй кешендерін толық тексеруді тапсырды,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Билік Тай По ауданында 55 адамның өмірін қиған жойқын өртке қатысты қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады. Жеті ғимараттан тұратын кешенде 62 адам әлі эвакуацияланбаған.

 

   Қазіргі уақытта ауруханаларда 76 адам емделіп жатыр, олардың 15-інің жағдайы өте ауыр. Тағы 28 адамның жағдайы орташа деп бағаланды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Алдын ала тергеу қорытындыларына сәйкес, инспекторлар әр қабаттан лифт шахталарын бекіту үшін қолданылған жанғыш полистирол материалдарын тапқан.

 

   Биліктің мәліметінше, бұл өрттің жылдам таралуына негізгі себептердің бірі болған. Сондай-ақ, ғимараттардың сыртқы бөлігінде пайдаланылған торлар мен қорғаныс жабындары өрт қауіпсіздігі стандарттарына сай келмеген.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться