Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2025-11-27 17:24:00

Следуй за нами

29

Жетісуда ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал қылмыстық оқиғамен аяқталды

news single

    Тергеу мәліметінше, Жетісу облысы Баласаз ауылында болған қайғылы оқиғаға дейін ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал шамамен екі апта бұрын басталған,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Сол кезеңде Айзат Жұманова мен Айбар Жанболат арасында дау шығып, әйел эмоцияға беріліп, өзінің телефонын сындырған. Осы оқиғадан кейін олар бір-бірімен сөйлеспей жүрген.

 

   Қайғылы оқиға күні Айбар Жанболат алкогольдік мас күйде үйге оралып, жұбайының телефон арқылы біреумен сөйлесіп отырғанын көрген. Прокурордың айтуынша, осы жағдайдан кейін ер адамда қызғаныштан әйелін өлтіру ниеті туындаған.

 

    Тергеу деректері бойынша, түнгі сағат 00:00 шамасында Айбар Жанболат Айзат Жұманованы үйдің қақпасынан сыртқа шығарып, оның денесінің әртүрлі бөліктеріне бірнеше рет қолымен және аяғымен соққы жасаған. Жәбірленуші тоқтатуды сұрағанына қарамастан, айыпталушы соққы беруді жалғастырған. Әйел есінен танып қалғанымен, соққы беру әрекеті тоқтамаған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться