Автор: ADMIN
Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз порты салынады
Ақтауда құны 300 миллион доллар болатын жаңа теңіз портын салу жоспарда, деп хабарлайды Shalqar.kz. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Заманауи кешен «Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа» жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы елімізде қазір бес ірі трансшекаралық хаб құру қолға алынған. Олар Қазақстанды негізгі көлік-логистикалық торабына айналдыруы тиіс.
Трансшекаралық хабтарды дамыту. Бұл нысандарға бару үшін қазір көлік инфрақұрылым толық бар. Бірақ ол жолдарды кеңейту, кей бөліктерін жаңғырту қажет. Қазір тасымалдың артуына байланысты оларға жаңа темір жол желілерін төсеу қажет дейді мамандар.
Әңгіме қай аймақтарға қатысты болып тұрғанын Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылуда. Ал еліміздің шығысында арнайы экономикалық аймақтарды біріктіретін Қорғас торабы болады. Батыс Қазақстанда «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы жұмыс істеп тұр. Жамбыл облысында сауда-логистикалық кешені салынып жатыр. Орталықта тауарды өңдеу және бөлу қызметі атқарылады. Ақтауда тағы бір порт бой көтереді. Соның нәтижесінде жүктерді жеткізу мерзімін қысқартып, тасымалдау шығынын 18% төмендету көзделуде.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер