Мир

Автор: ADMIN

Мир 2025-11-28 21:17:00

Следуй за нами

35

Жасанды интеллекттің игілігін қашан көреміз?

news single

     Соңғы жылдары Қазақстанда жасанды интеллект саласына арналған стартаптар саны айтарлықтай артты,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Egemen Kazakhstan" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Мысалы, «Astana Hub» орталығы мен «Ai Sana» жобасы стартаптарға қолдау көрсетіп, олардың дамуына бағытталған. 

 

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәлімдемесі бойынша, барлық стартаптар бірдей нарыққа шыға бермейді. – «7 ай ішінде еліміздегі 650 мың бакалаврдың 560 мыңы, яғни 85%-ы жасанды интеллект бойынша дайындықтан өтті.

 

   Жыл соңына дейін барлық студенттерді қамтимыз. Келесі қадам – тереңдетілген дайындық. Біз 100 мың студентті арнайы іріктеп, стартап құру, ЖИ технологияларын қолдану, олардың мүмкіндігі мен шектеулерін түсіну бағытында оқытамыз.

 

   Жыл сайын кемінде 1 000–1 500 команда нарыққа шығуға дайын деңгейге жетеді», – деді министр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться