Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2025-11-30 15:59:00

Следуй за нами

29

Әкімшілік айыппұлдарда 50 пайыздық жеңілдік қалай алуға болады

news single

Елімізде әкімшілік айыппұлдың жарты сомасын ғана төлеп өтеуге мүмкіндік беретін тетік жұмыс істейді. Мұндай жеңілдік барлық жағдайда бірдей қолжетімді емес әрі уақыт жағынан қатаң шектелген. Бұл жеңілдіктің не үшін енгізілгені, төлеу мерзімін қалай дұрыс есептеу керектігі және төлем алдында нені ескеру маңызды екенін Shalqar.kz тілшісі зерделеп көрді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қысқартылған өндіріс тетігі қарапайым құқық бұзушылықтарды қарауды жеделдету және соттардағы даулардың санын азайту үшін енгізілген. Негізінде, мемлекет заң бұзушыға ымыра ұсынады – егер сіз құқық бұзушылық фактіге дауласпай, айыппұлды жылдам төлеуге дайын болсаңыз, онда оны 50 пайыз жеңілдікпен өтей аласыз. Бұл жүргізушілер мен басқа азаматтар үшін мәселені тезірек және арзан шешуге мүмкіндік береді. Ал мемлекет үшін бұл құқық қорғау және сот органдарының жүктемесін айтарлықтай азайтуға жол ашады.

Жеңілдік алудың негізгі шарттары:

Айыппұлды жеңілдікпен төлеу әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қысқартылған өндіріс түрінде қарастырылады. Айыппұлдың жартысын төлеу құқығы тек мынадай үш міндетті шарт орындалғанда ғана беріледі:

- Құқық бұзушылық фактіні мойындау.

Егер сіз айыппұл қате салынды деп санасаңыз, жеңілдікті қолданбаған жөн, алдымен шағымдану қажет.

- 50 пайыз соманы төлеуге келісу.

Бұл ары қарай дауласуданбас тарту дегенді білдіреді.

- Шағымның болмауы.

Егер шағым берілсе, онда жеңілдік автоматты түрде қолданылмайды.

Мұнан бөлек, қысқартылған өндіріс келесі үш жағдайда қолданылмайды:

1. Құқық бұзушылық ескерту мен айыппұлдан басқа жаза түрлерін қарастырады.

Яғни, жеңілдік тек ескерту немесе айыппұлға қатысты жазаларға ғана беріледі. Егер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабында, мысалы, әкімшілік қамау, мүлкін тәркілеу, жүргізу құқығынан айыру, депортациялау, қоғамдық жұмыс, қызметін тоқтату және басқалары көзделген болса, онда қысқартылған өндіріс қолданылмайды. Демек, 50 пайыздық жеңілдік жоқ.

Мысал ретінде келтіре кетсек, жол ережесін бұзғаны үшін көп жағдайда айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болады. Алайда, ішімдік ішіп көлік басқарғанға мұндай жеңілдік болмайды.

Бұл жағдайда оны жүргізу құқығынан айыру да, айыппұл да қарастырылған. Ал бұл жазаның өзге де түрлері болып шығады. Демек, айыппұлдың жартысын төлеп істі жабуға жол берілмейді.

2. Құқық бұзушы иммунитетке ие.

Бұл заңға сәйкес иммунитетке ие дипломаттар мен олардың отбасы мүшелеріне, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, депутаттарға (кейбір жағдайларда), судьяларға және басқа да тұлғаларға қатысты. Мұндай тұлғалар арнайы рәсімдерге жатады, сондықтан олар үшін тіпті қарапайым заң бұзушылық болса қысқартылған өндіріс қолданылмайды.

3. Істі мемлекеттік кірістер органдары немесе Ұлттық банк қарастырып жатыр.

Егер сіздің құқық бұзушылығыңыз салық, кеден төлемдері, валюталық реттеу, қаржылық мониторинг, банктік заңнамалар, сақтандыру саласына қатысты және оны салық органдары немесе Ұлттық банк қарайтын болса, онда қысқартылған өндіріс қолданылмайды. Бұл жағдайда 50 пайыз жеңілдік автоматты түрде қолданылмайды.

Бұл шектеулердің барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жазылған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться