Автор: ADMIN
Оқу-ағарту министрі мектептегі бірнеше пәнді бір пәнге біріктіруге қатысты пікір білдірді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде пәндерді біріктіріп оқыту жөніндегі ұсынысқа қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды министрлікке сілтеме жасаған Shalqar.kz.
Қазіргі уақытта апробациядан өтіп жатқан мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы пәндерді біріктіріп оқыту жөніндегі мәселені талқылаған Жұлдыз Сүлейменова, пәндерді біріктіріп оқыту жөніндегі ұсынысты қайта қарауға әзір екенін айтты.
"Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес білім саласындағы ең өзекті және басты міндет – балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету. Пәндерді біріктіріп оқыту жөніндегі ұсыныс жан-жақты зерделеуді қажет етеді деп есептеймін. Білім жүйесі технологиялық прогреске қадам басқан кезеңде оқушылар әрбір пәнді мектепте базалық деңгейде меңгеруге тиіс, сондықтан министр ретінде мақсаттары мен тақырыптары бөлек бұл пәндердің әрқайсысын жеке пән ретінде дербес оқытуды қолдаймын", - деді оқу-ағарту министрі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген жаңа оқу стандарты пилоттық жоба ретінде сынақтан өтуде. Оған сәйкес алгебра мен геометрияны "Математика", химия, физика, биология пәндерін "Жаратылыстану ғылымдары", ал дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін "Әлеуметтік ғылымдар" пәндеріне біріктіру көзделген болатын.
"Министрлік өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып өсуі үшін білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарына сәйкес әзірлеу, балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында бұл мәселеде педагогикалық қауымдастықпен және білім саласының сарапшыларымен егжей-тегжейлі зерделеу жүргізуге мүдделі", - делінген министрлік хабарламасында.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jas otbası ata-anadan bölek twruı kerek pe: qazaqstandıqtar ne deydi
Doljna li molodaya sem'ya jit' otdel'no ot roditeley: çto dumayut kazahstancı
جاس وتباسى اتا-انادان بولەك تۇرۋى كەرەك پە: قازاقستاندىقتار نە دەيدى
Последние новости
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى