Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-01 12:36:00

Следуй за нами

42

Ұлттық банк қараша айының қорытындысын жариялады: теңге күшейді

news single

     Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, қараша айында ұлттық валюта 3,3% нығайып, ай соңында 1 доллар 512,57 теңгеге тең болды,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Валюта нарығындағы белсенділік те артты: күндік орташа сауда көлемі 271 млн доллардан 280 млн долларға өскен. Бюджетке трансферттер жүргізу мақсатында Ұлттық қордан 600 млн доллар сатылды. Бұл көрсеткіш жалпы валюта саудасының 10,7%-ын құрайды.

 

    Желтоқсан айында 400–500 млн доллар көлемінде сату жоспарланып отыр. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор компаниялары міндетті талап бойынша шамамен 390 млн доллар сатқан. Ұлттық банк қараша айында валюталық интервенция жүргізілмегенін атап өтті.

 

   БЖЗҚ портфеліндегі валюталық үлестің жеткілікті болуына байланысты зейнетақы активтері үшін доллар сатып алу да жүзеге асырылмаған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться