Автор: ADMIN
Алматыда ЖРВИ өршуіне байланысты жаңажылдық ертеңгіліктер өтпей қалуы мүмкін бе
Алматының санитарлық қызметі Жаңа жыл қарсаңында мектептер мен балабақшаларда жаппай іс-шараларды шектеуді ұсынды, деп хабарлайды Shalqar.kz. Бұған ЖРВИ мен тұмаумен ауырғандар санының өсуі себеп болып отыр.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова эпидемиологиялық ахуалға қатысты жаппай іс-шаралардан бас тартуды ұсынды. Ол бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. Алайда мерекелік ертеңгіліктерді тегіс тоқтату әзірше жоспарланып отырған жоқ.
— Қазіргі уақытта толыққанды тыйым салу мәселесі қарастырылып отырған жоқ. Себебі осы аптадағы ауырғандар саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 есе немесе одан көп өспеді. Бұл — бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында қарастырылған талап. Жалпы алғанда, мүмкіндігінше шектеу енгізу, яғни іс-шараларды басқа форматта өткізу, көп адам жиналуына жол бермеу талаптары сақталады, — деді Қалықова.
Ол сондай-ақ мектептер мен балабақшаларда мерекелік шараға дайындық кезінде балаларды алдын ала тексеріп алу қажет екенін айтты. Бала сабаққа келмесе, оның себебін біліп, ауру белгілері барларды мерекелік ертеңгілікке қатыстырмаған жөн.
Ведомство дерегінше, Алматыда 47-аптада ЖРВИ-дің 32 456 дерегі тіркелген. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 17,6%, ал былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 37,2% көп. Ауырғандардың 58,5%-ы (18 992 дерек) — балалар.
Еске салайық, бұған дейін Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы ЖРВИ, тұмау бойынша маусымдық өсім бар екенін айтқан еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Soñğı 50 jıldağı Qıtayda bolğan iri ört apattarına şolu
Sır'e tyanulo rınok vniz, banki — vverh
سىرьيو تيانۋلو رىنوك ۆنيز, بانكي — ۆۆەرح
Последние новости
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
قور نارىعىن شيكىزات تومەن تارتىپ, بانكتەر العا سۇيرەدى
Sır'e tyanulo rınok vniz, banki — vverh