Мир

Автор: ADMIN

Мир 2025-12-04 18:13:00

Следуй за нами

68

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта бірлескен мәлімдеме жасады

news single

     Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен өте нәтижелі келіссөздер өткізілгенін атап өтті,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.

 

     Кездесу емен-жарқын, достық сипатта және конструктивті форматта өткен.

 

    – Қазақстан мен Еуропа Одағын өзара сенім мен түсіністікке негізделген жан-жақты ынтымақтастық байланыстырады. Біз көптеген мәселелерді талқылап, серіктестігімізді жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге ниеттіміз.

 

     Президент Антониу Коштаның сапары Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығына орай ұйымдастырылды. Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында «жаңа буын» келісімін алғаш қол қойып, ратификациялаған ел.

 

    Бұл маңызды құжат екіжақты қарым-қатынастың дамуына негіз болып, сауда, инвестиция, инфрақұрылым, инновация және мәдениет сияқты негізгі бағыттардағы өзара ықпалдастықты қамтиды, – деді Мемлекет басшысы.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться