Автор: ADMIN
7 минуттық роликке - 100 млн теңге: Түркістан облысы әкімдігі ресми жауап берді
Кеше Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Ұлы Дала Елі» орталығы 100 млн теңгеге тікелей шарт жасасу арқылы «G7 Exlusive» ЖШС-не 3-7 минуттық тарихи бейнероликке тапсырыс бергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Онда Түркістан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы аталған жобаны сатып алуды ашық конкурс тәсілімен үш мәрте ұйымдастырып, әлеуетті орындаушы табылмағанын алға тартқан.
- Бөлінген қаржыны тиімді әрі уақытылы игеру мақсатында аталған жобаны «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен 2025 жылғы 28 қарашада қосымша құн салығын қоса алғанда 100 800 000 теңгеге келісімшарт жасалынды. Тапсырыс беруші — Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Ұлы Дала Елі орталығы». Орындалу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін, - делінген ведомство ұсынған деректе.
Ал бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Қөшеров аталған келісімшарттың жасалу жағдайларын жан-жақты тексеру, оның ішінде қажетті рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырма бергені белгілі болды.
- Тексеру нәтижелері мен алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады, - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Число погибших при пожаре в «Палау орталығы» достигло 11
چيسلو پوگيبشيح پري پوجارە ۆ «پالاۋ ورتالىعى» دوستيگلو 11
Italiyada XIV qısqı Paralimpiada oyındarı aşıldı
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11