Автор: ADMIN
Астанадағы ескі вокзал маңында түн ортасында жарылыс болды
https://www.instagram.com/reel/DGBnc9xuMNg/?igsh=MXdzNjVxMjYyemM2Mw==
Астана тұрғындары түнгі уақытта қатты жарылыстың дауысын естіді. Оқиға 14 ақпан күні сағат 00:30 шамасында ескі вокзал маңында, нақтырақ айтқанда, Гёте көшесінде орналасқан сұрыптау жолында орын алды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына жедел түрде құтқарушыларды жібергенін хабарлады. Абырой болғанда, өрт шыққан жоқ, адам шығыны да тіркелген жоқ. Тек бір азамат жарылыстан ұшқан жарықшақтан қолын жеңіл жарақаттап алған. Оған оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған.
Жарылыстың себебі қандай?
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс “Қазақстан темір жолы” бөлімшесіне қарасты 12-ші сұрыптау жолындағы жүк контейнерінде болған. Контейнердің ішінде электр жабдықтары – трансформаторлар мен генераторлар болғаны анықталды. Ол жеке компанияға тиесілі.
Қазір мамандар оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
چيسلو پوگيبشيح پري پوجارە ۆ «پالاۋ ورتالىعى» دوستيگلو 11
Число погибших при пожаре в «Палау орталығы» достигло 11
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11