Автор: ADMIN
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстау рәсімі өтіп, «Игі істер марафоны» республикалық жобасы қорытындыланды, деп хабарлайды Shalqar.kz “Мәдениет және ақпарат министрлігінің” телеграмм каналына сілтеме жасап.
Іс-шара Халықаралық волонтерлер күні аясында және Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылының ресми басталуы қарсаңында ұйымдастырылды. Аталған жылды жариялау бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.
Жылдың ресми ашылуы БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Штаб-пәтерінде өтеді.
Айта кетейік, «Жыл волонтері» сыйлығы Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылдан бері жыл сайын тапсырылып келеді. Осы уақытқа дейін 297 волонтёр лауреат атанды.
2025 жылы сыйлықтың лауреаттары атанған 46 қазақстандық волонтермен қатар, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Түркиядан келген 4 волонтер марапатталды.
Олардың барлығы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге, волонтерлікті дамытуға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жобалары мен бастамаларының нәтижелерін ұсынды.
Сонымен қатар бүгін «Игі істер марафоны» республикалық жобасының қорытындылары жарияланды. Марафон барысында қазақстандықтар 9 мыңнан астам игі іс атқарды. Байқау нәтижесінде ең жоғары белсенділік танытқан 20 жеңімпаз анықталды. Жалпы, жобаға 40 мыңға жуық қазақстандық қатысты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo