Автор: ADMIN
Грекияның жаңа президенті сайланды: Кім билікке келді?
Грекияның жаңа президенті болып «Жаңа демократия» партиясының өкілі, парламенттің бұрынғы спикері Константинос Тасулас сайланды. Бұл туралы Shalqar.kz “Kathimerini” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Президенттік сайлау елдің қазіргі басшысы Катерина Сакелларопулудың өкілеттік мерзімі 13 наурызда аяқталуына байланысты өтті. Парламенттегі төртінші раунд нәтижесінде 160 депутат К.Тасуласқа қолдау білдірді. Жалпы 300 депутаттың 276-сы дауыс беруге қатысып, жеңіске жету үшін 151 дауыс жеткілікті болды.
Грекия парламентінде 156 орынға ие билеуші «Жаңа демократия» партиясы өз кандидатын толықтай қолдады. Жаңа президенттің ресми ұлықтау рәсімі 13 наурызға жоспарланған.
Айта кетейік, Грекияда президент халықтық сайлау арқылы емес, парламент депутаттарының дауыс беруімен бес жылға сайланады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Сенат одобрил закон об усилении ответственности нотариусов
Сенат мақұлдаған жаңа заң: нотариустардың жауапкершілігі күшейтіледі
Qazaqstan qwraması voleyboldan Aziya kubogında üzdik bestikke endi
Последние новости
Senat maqwldağan jaña zañ: notariustardıñ jauapkerşiligi küşeytiledi
سەنات ماقۇلداعان جاڭا زاڭ: نوتاريۋستاردىڭ جاۋاپكەرشىلىگى كۇشەيتىلەدى
Senat odobril zakon ob usilenii otvetstvennosti notariusov