Автор: ADMIN
Оңтүстік Кореядағы қазақстандық мигранттар елге заңды түрде орала алады
Қазіргі уақытта 156,7 мың қазақстандық шетелде еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Shalqar.kz. Олардың басым бөлігі, яғни 128,8 мың адам Ресейге жұмыс іздеп кеткен.
Ал Оңтүстік Корея Республикасында 11 мың адам еңбек етеді.
– Оңтүстік Корея Республикасымен келіссөзге сәйкес желтоқсаннан ақпан айына дейін ҚР азаматтарына елден заңды түрде шығуға мүмкіндік берілген. Яғни азаматтар айыппұлсыз, депортациясыз елге қайта алады. Бұл 1 желтоқсанға дейін Кореяға кірген азаматтарға қатысты. Бұл тізімге ауыр қылмыс жасаған адамдар кірмейді. СІМ ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда шамамен Кореяда 11 мыңға жуық азамат жұмыс істеп жүр, - дейді «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің басқарма басшысы Нұрсұлтан Асқарбек.
Комитет басшысының айтуынша, бұл – Оңтүстік Корея тарапының бастамасы.
– Негізгі мақсаты – онда заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарының санын азайту. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін жеке басын анықтайтын құжаты, өтініші, әуе билеті болса, елге еш қиындықсыз келе алады. Егер азаматтар тәртіпке бағынбай, заңсыз жүруін тоқтатпаса, Қазақстан валютасымен есептегенде 50 мыңнан бастап айыппұл төлейді. Ол әртүрлі жағдайға байланысты өзгере береді. Егер Оңтүстік Кореядағы заңсыз жүрген қазақстандық азаматтардың саны азайса, еліміз ЕPS жүйесіне кіреді және әлемдік аренадағы ел имиджі жоғарылайды, - дейді спикер.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۇلتتىق تاربيەنىڭ وتباسىنداعى ماڭىزى
WLTTIQ TÄRBIENİÑ OTBASINDAĞI MAÑIZI
TÄRBIE NEGIZI – OTBASINDA
Последние новости
WLTTIQ TÄRBIENİÑ OTBASINDAĞI MAÑIZI
ۇلتتىق تاربيەنىڭ وتباسىنداعى ماڭىزى
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ