Автор: ADMIN
Ел өңірлерінде ауылдық ҮЕҰ-ларды қолдау күшейтілді
Қазақстанның Азаматтық альянсы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға және олардың тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталған «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды Shalqar.kz “Мәдениет және ақпарат министрлігінің” телеграмм каналына сілтеме жасап.
Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен іске асырылды.
Аталған жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп, 15 000-нан астам азаматты қамтыды.
Бағдарламаның негізгі арқауы – оқыту және консультациялық қолдау. Жұмыс барысында 194 ұйым оқудан өтіп, 316 жеке консультация өткізілді. Ал, «Ауыл 2.0» бастамасы 50 ұйымның жобаларын дамытуға серпін берді. Алты облыста жергілікті жобаларды іске асыру үшін 18 шағын грант берілді.
Экологиялық бастамаларға ерекше көңіл бөлінді.
«Подари Земле сад» жеке қоры Ақсу ауданы аумағында ауқымды көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асырып, 154 адамның қатысуымен 1 000 қарағай көшеті отырғызды.
Жоба ауылдық ҮЕҰ-ларды жүйелі қолдаудың жергілікті қауымдастықтарды нығайтуға және азаматтық белсенділікті арттыруға елеулі үлес қосатынын көрсетті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
«Палау орталығындағы» өрттен қаза тапқандар саны 11-ге жетті
چيسلو پوگيبشيح پري پوجارە ۆ «پالاۋ ورتالىعى» دوستيگلو 11
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11