Автор: ADMIN
2026 жылы Қазақфильмге қатысты ауқымды өзгеріс болады
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы біріктірілуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
— Кезінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылған болатын. Мәдениет министрлігі Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен аталған орталықты қосу мәселесін пысықтап жатыр. Өйткені орталықтың басты міндеті – құжаттарды тексеру. 2026 жылы осы екі ұйымды қосып, қайтадан «Қазақфильмге» тарихи міндеттерін орындау мүмкіндігі берілмек, - делінген министрліктің жауабында.
Ведомство ақпаратына қарағанда, елімізде иделогиялық тұрғыдан тартымды фильмдерге қолдау жасалады.
Еске салсақ, былтыр Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясы тікелей мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жағы қаралып жатқанын айтқан еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
تاربيە نەگIزI – وتباسىندا
ТӘРБИЕ ДЕГЕН ТӘҢІР БАР
ۇلتتىق تاربيەنىڭ وتباسىنداعى ماڭىزى
Последние новости
WLTTIQ TÄRBIENİÑ OTBASINDAĞI MAÑIZI
ۇلتتىق تاربيەنىڭ وتباسىنداعى ماڭىزى
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ