Автор: ADMIN
350 шақырым ақылы жол уақытша тегін болады — «ҚазавтоЖол»
Елімізде 250 шақырым автожол анықталған ақауларға байланысты уақытша тегін болады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Оның айтуынша, жұмыс тобы ақылы жолдардың жай-күйін тексеруді аяқтады.
— Бүгінде бүкіл ақылы жолдардың шамамен 350 шақырымында ақаулар анықталды. Аталған тізім өкілетті орган — Автомобиль жолдары комитетіне жіберілді. Қазіргі уақытта үйлестіру жұмыс жүргізіліп жатыр, тиісті бұйрық шығарылады. Ол жайында қосымша хабарлаймыз, — деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Компания басшысының мәліметінше, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 000 шақырым ақылы жолдың шамамен 350 шақырымы уақытша тегін болады.
— Алдағы құрылыс маусымында аталған учаскелерде жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отырғанын тағы да қайталап айтқым келеді. Пайдалануға берілгеннен кейін аталған учаскелерді қайтадан ақы алына бастайды, — деді «ҚазАвтоЖол» басшысы.
Бұған дейін ол жыл басынан бері ақылы жолдардан 79 млрд теңге түскенін айтқан еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда электр желілерінің зақымдануына байланысты екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
Последние новости
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى