Автор: ADMIN
Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі, Чех Республикасындағы, Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті елшілер бекітілді, деп хабарлайды Shalqar.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
ولەگ سوكولەنكو گەرمانيياداعى حالىقارالىق تۋرنيردە كۇمىس جۇلدە الدى
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى
Последние новости
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى