Автор: ADMIN
Әлемде какао қоры күрт төмендеп, шоколадтың бағасы өсуі мүмкін

Әлемде какао қорының күрт төмендеуі шоколад сүйер қауымға жағымсыз жаңалық болып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Лондон халықаралық биржасында какао қоры өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайып, тек 21 мың тоннаға жеткен. Былтыр осы көрсеткіш 100 мың тонна болған еді. Бұл өзгерістің негізгі себебі — какао өсіретін ірі елдерде орын алған құрғақшылық. Кот-д’Ивуар мен Гананың какао алқаптарында ауа райының қолайсыздығынан егістік өнімдері азайған.
Сарапшылардың айтуынша, соңғы екі жылда какао бағасы үш есе өскен. Әсіресе, былтыр желтоқсанда какаоның әр тоннасы 12 мың долларға сатылды. Бұл өз кезегінде шоколад бағасына да әсер ететінін ескертуде. Кейбір аймақтарда шоколад бағасы 30 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі уақытта какао өндірісінің негізгі бөлігі Батыс Африканың 44 аймағында жүргізіледі, бұл жағдай әлемдік шоколад нарығына айтарлықтай әсер етеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы жаңа межеге жетті

Qızılordada jaña formattağı zamanaui mektep esigin aştı

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет