Автор: ADMIN
Астанада 2025 жылғы «JastarX» жобасының қорытынды диалог алаңы өтті
ҚР Ұлттық музейінде «Ақпарат тасқынындағы жас ұрпақ: құндылық, таңдау және жауапкершілік» тақырыбындағы диалог алаңы өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz “Мәдениет және ақпарат министрлігінің” телеграмм каналына сілтеме жасап.
Диалог жастардың ақпаратты қалай қабылдайтынын, талдайтынын және қолданатынын, фейктер мен манипулятивті хабарламалардың қандай қауіптер тудыратынын, сондай-ақ жаңа буынның цифрлық мәдениеті қалай қалыптасатынын талқылау үшін ашық эксперттік пікірталас қалыптастыру мақсатында өтті. Диалог барысында медиакеңістіктегі өзекті трендтерге ерекше назар аударылды.
Іс-шараға арнайы шақырылған сарапшылар, депутаттар, белгілі журналистер, медиаменеджерлер және психоаналитиктер өз кәсіби пікірлерімен бөлісті.
«JastarX» жобасы 2023 жылдан бастап «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асып келеді.
Биыл жобаның аясында төрт диалог алаңы өтті. Атап айтсақ: «Жаңа буынның құндылықтары»; «Жұмысшы мамандықтардың болашағы: трендтер мен перспективалар»; «Еңбек нарығындағы қазіргі тенденциялар мен жағдай»; «Цифрландыру және жасанды интеллект».
Осы жылы жоба жұмысына өңірлік жастар ресурстық орталықтары да қатысып, талқылауларға онлайн форматта қатысуға мүмкіндік алды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
Бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Энергетика министрі
Последние новости
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki