Автор: ADMIN
Қазақстанда мұнай өнімдеріне жаңа акциз мөлшерлемелері қабылданды
Биыл 5 желтоқсандағы Үкімет қаулысымен бензинге (ұшақ отынын қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға жаңа акциз мөлшерлемелері бекітілді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Атап айтқанда, көтерме сатуда бензинге тоннасына 38 134 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, ал газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 134 теңге мөлшерінде акциз салынады.
Сонымен қатар бөлшек саудада және өз өндірістік қажеттіліктері үшін пайдалану кезінде бензинге 38 634 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, ал газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 634 теңге мөлшерінде акциз бекітілген.
Ал импорт бойынша бензинге 38 134 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 134 теңге мөлшерінде акциз қойылады.
Аталған қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Биыл мамырда Қазақстанда бензин мен дизельге акциздің жаңа мөлшерлемесі бекітілген еді.
Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау, тасымалдау, сату және есепке алу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған тексеру іс-шараларының есебін берген болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
«Палау орталығындағы» өрттен қаза тапқандар саны 11-ге жетті
يتالييادا XIV قىسقى پاراليمپيادا ويىندارى اشىلدى
V Italii otkrılis' XIV zimnie Paralimpiyskie igrı
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11