Автор: ADMIN
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Алматыда Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 16-17 желтоқсан қарсаңында мемлекеттік мекемелерде, қала кітапханалары мен білім беру ұйымдарында тақырыптық кездесулер, патриоттық және әдеби-музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер, тарихи-танымдық сағаттар, дәрістер, әдеби оқулар және басқа да маңызды даталарға арналған іс-шаралар өтеді.
Осы күндері Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне және «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне дәстүрлі гүл қойылады. Оған қала басшылығы, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, 1986 жылғы оқиғаға қатысушылар, этномәдени бірлестіктер өкілдері және жастар қатысады.
17 желтоқсанда қаланың барлық сегіз ауданында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қаза болғандарды еске алуға арналған ас беріледі.
Бұған қоса, қала төрт мемлекеттік әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатыр. Аталған жобалар аясында қайырымдылық акциялары, спорттық турнирлер, шығармашылық және патриоттық іс-шаралар, тақырыптық конференциялар мен байқаулар өткізу жоспарланған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастары бас қосты
Международный кемпинг молодежи стран ОТГ проходит в Алматы
Последние новости
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
AI дәуіріндегі жаңа тренд: Vibe Coding